Арықтаудың құпиясы неде және де тез арықтап, нәтижені қалай ұзақ сақтап тұруға болады деп сұрайсыз ба? Диетологтар бұндай ойдан біржола арылуға кеңес береді. Оның қарапайым ғана себебі бар; немесе тез арықтайсыз, немесе сапалы арықтайсыз. Соның біреуін ғана таңдай аласыз. Өз денсаулығыңызды ойласаңыз, екінші амалға тоқталғаныңыз жөн.
Негізі, шынымен де арықтағыңыз келсе, «диета» деген сөздің бар екенін ұмытыңыз. Одан да «тамақтану жүйесі» туралы ойланып, тәттіден бастартыңыз. Соның өзі қайда жатыр! Алайда, тәттіні үнемі жегіңіз келіп тұрса, одан бастартудың парқы бар ма? Интернетте айтылған барлық кеңестерді орындасаңыз да, неге арықтай алмағаныңызды ойландыңыз ба?
Сіз үшін біз арнайы сіздің неге арықтай алмағаныңызды түсіндіре алар 8 түрлі себепті бірге жинадық. Қарап көріңіз.
Арықтаудың құпиясы №1. Спортпен айналыспайсыз
Кез келген тренерден сұрасаңыз, ол сізге тіпті ең пайдалы тамақты ғана жесеңіз де, спортпен айналыспаңыз арықтамайтыныңызды бірден айтады. Көп қимылдау. Бұл жерде аптасына жеті рет фитнеспен айналыс деп тұрған жоқ. «Артық салмақтан арылу туралы ең үлкен миф: арықтау үшін кардиомен айналысу керек. Арықтау туралы сөз қозғалғанда кардиожаттығулар ең әлсіз, тиімсіз спорт түріне жататынын біліңіз. Ол созылу мен пилатестің жанында да пайдасыз. Белгілі бір нәтижеге жету үшін спорт залына бару міндет емес. Сізге керегі – жүгіру немесе таза ауада жаттығу жасау. Қаншалықты күш салсаң, нәтижесін соншалықты көресің деген қағида спортқа да қатысты».
Арықтаудың құпиясы №2. Сұйық калориялар
Біз қарапайым сұйықтықтарда – жұмысқа барар жолда алынған капучинода, үй жанындағы жапон дүкенінен алып ішкен имбирь сусынында, газдалған тәтті сусында – жасырылған калорийға мән бермейміз. Бар қиындық неден туындайтынын білесіз бе? Біздің ағзамыз сусынды тамақ ретінде қабылдамайды. Сондықтан, сусынды ішкеннен кейін тойғанымызды кейде сезінсек те, ол ұзаққа созылмайды. Ал газдалған шырындағы калорий саны 100 грамм қуырылған тауық құрамындағы калориймен бірдей екенін біле бермейміз. Иә, екеуінің де құрамында 210 калорий бар. Арықтаудың құпиясы ең пайдалы сусын – қара су.
Тамақ жеу уақытын өткізіп жіберу
Негізі, біздің ағзамыз біз ойлағаннан әлдеқайда ақылдырақ. Үшмезгілдік болсын, бөліп астану тәсілі болсын, асқазанды тамақтан айыруға мүлдем болмайды. «Тамақты қабылдау уақыты оның сапасы мен көлемі сияқты ағза үшін өте маңызды. Жүйесіз тамақтану салмақты бақылауда ұстауға және дұрыс зат алмасуға кедергі етеді», — дейді маман. Метаболизмнің бұзылуы калорияның қуатқа айналуын тоқтатып, оның май ретінде жинақтала бастауына әсер етеді.
Қатаң диета
Бұған дейін сөздік қорыңыздан «диета», әсіресе «қатаң диета» деген сөзді алып тастаңыз деп айтқан болатынбыз. Себебі, физикалық белсенділік пен ас мәзірі сияқты психикалық тұрғыдағы дайындық да арықтауға әсер етеді. Өзіңізді тамақтан шектеуіңіз кейін шыдамыңыз таусылған сәтте соны шамадан көп жеп қоюыңызбен тынады. Сондықтан, диетологтардың сөзінен арықтаудың құпиясы сүйікті асыңыздан бастарпауға, бірақ оны тұтынудың жолын өзгертуге кеңес береді. Мысалға, үйренген тәтті тоқашыңызды одан сәл пайдалырақ мармелад, зефир, пастила, құрамында какаосы бар ащы шоколадқа ауыстырып көріңіз.
Жыныстық ерекшеліктер
Ағзаңыздан витаминдер және минерал жеткіліксіз болса, арықтай алмайсыз. Микроэлементтердің көбісі үшін қолдану көрсеткіштері бірей болғанымен, кейбір жағдайда жыныстық айырмашылықтарға, дене ерекшеліктеріне, метаболизмге және физиологияға байланысты құнарлы заттарды қабылдау мөлщерлері де өзгеріп отырады.
Күйзелістер
Үнемі күйзелісте жүрсеңіз, ол, әрине, денсаулығыңызға әсер етеді. Салмағыңыз тұрақсыз болады. Бұл жерде кем дегенде екі үлкен қиыншылық бар. Біріншісі –тамақты көп жеп қою. Яғни, қиындықтан қашу үшін тамақты жей беруіңіз. Екіншісі оған қарағанда күрделірек – күйзелісіңіздің нәтижесінде гармоналдық ауытқулардың пайда болуы. Бұндай жағдайда маманның көмегінсіз өз бетіңізше ештеңе істей алмайсыз. Сондықтан аз уайымдап, көп ұйықтап, міндетті түрде қиын жұмыс аптасының ішінде демылдыратын ванна қабылдап отырыңыз.
Ас мәзіріңізде пайдалы майлардың аздығы
Көптеген зерттеулердің арқасында біз барлық май бірдей зиян емес екендігін білеміз. Кейбір майлар, керісінше, пайдалы. Олар сіздің ас мәзіріңізде міндетті түрде болуы керек. Оларды майлы балықтан (албырт, скумбрия, тунец), жаңғақ, авокадо және өсімдік майларынан аламыз. Жақында Айова университетінде өсімдік майы көкөніс салатының пайдалылығын екі есе ұлғайтынын дәлелдеген.
Тамаққа деген сіздің көз-қарасыңыз
Бәрі оңай, сіз тамақты өміріңіздің мәні, қандай да бір қуанышыңыздың белгісі, бір затты орындай алғаныңыз үшін сыйлық деп қабылдасаңыз, арықтай аламын деп ойламаңыз. Булимия, анорексия, орторексия және басқа да ас қорытуға байланысты аурулар адамның тамаққа дұрыс қарай алмағандығынан туындайлы. Сондықтан, өз талғамыңыз бен ағзаңыздың сұранысына сүйене отырып дұрыс ас мәзірін құрыңыз. Дәмді бургер сияқты ешкім және ештеңе сіздің құлазыған көңіліңізді көтере алмайды деп ойласаңыз, хобби тауып алыңыз. Сонда қаншалықты қателескеніңізді түсінесіз.