арықтау апта арыктау кун

Қарақұмық (гречка) арқылы арықтау

Қарақұмық диетасы монодиетаға жатады. Оны арықтау үшін 7 күннен 14 кунге дейін ұстау керек. Қарақұмықта калория аз болғанымен, ол өте тойымды. Бұл диетаны дұрыс ұстансаңыз, 10 килограмм, кейде тіпті 15 килограмм салмақ тастауыңызға болады.

Бұл ретте қарақұмық дәнінің ең пайдалы азық түріне жататынын, оны барлық диетологтардың бағалайтынын атап өту керек.

загрузка...

Қарақұмық дәні несімен пайдалы?

Қарақұмық дәнінде В витаминдері, магний, калий, темір, йод және басқа да минералдар өте көп. Басқа дәндермен салыстырғанда ( мысалға бидай, ұнтақ жарнасымен), онда көмірсулар аз да, жасұнақ пен нәруіз, аминқышқылдар мол.

Суда бұқтырылған дайын қарақұмық ботқасында 90 ккал бар.

Қарақұмық қаназдығы, гипертония, бауыр ауруларымен ауырытан адамдардың ас мәзірінде міндетті түрде болуы керек. Жасұнақ асқазанды жақсы тазартып, токсиндерді сіңіреді. Қарақұмықты үнемі пайдалану — шаш күтіміне, тырнақ пен теріге пайдалы.

Қарақұмықпен қалай дұрыс арықтау керек?

Қарақұмық диетасымен салмақ тастау үшін айран ішу керек. Оның құрамында кальций, А және В витаминдері және ақуыз өте көп. Одан басқа айран:

  • Асқазанды жеңіл тазартады ( жарамдылығы үш күннен асқан айран іш өтуін шақыртады).
  • Асқазанның қалыпты микрофлорасын сақтайды.

Сондықтан, айран мен қарақұмық қосындысы асқазан мен ішек жұмысын қолдап, терінің күтімін жақсартып, ағзаның жалпы жағдайын оңтайлатады.

қарақұмықпен арықтау салмақ тастау азу жолдары

Қарақұмық диетасының ерекшеліктері:

Диетаның пайдалылығын арттыру үшін қарақұмықты дұрыс пайдалану керек:

  • Қарақұмыққа алма мен айраннан басқа ештеңе қоспаңыз.
  • Барлық дәндеуіштер мен тұздықтардан бас тартыңыз.
  • Егер қандай да бір әлсіздік сезінсеңіз, диетаны қойыңыз.
  • Қарақұмық диетасын ұстанған кезде күніне бір литр айран ғана ішуіңізге болады.
  • Ұйықыға жатардан үш-төрт сағат бұрын қарақұмықты жеуге болмайды.
  • Күніне бір жарым литр сұйықтық ішу керек. Үш литр ( көк шай, су, газсыз минералды су) сусын ішсеңіз тіпті жақсы.

Тек осы нұсқаулықтарды орындаған жағдайда ғана арықтауға болады.

Қарақұмықты азу ушін қалай дайындау керек?

Қарақұмықты кешкісін дайындап, таңертең жеу керек. Ботқаға жасыл алмадан басқа ештеңе қосуға болмайды.

Дәнді бұқтыруға немесе қайнатуға ғана нұсқаулық етіледі.

Бірінші түрі:

Кешкісін дәнді жуып, қайнатылған суды үстінен құйып, бетін қақпақпен жауып қою керек. Таңғы асқа ботқаны тұзсыз, қантсыз қолданып, ал түскі асқа ғана кішігірім соуспен жеуге болады.

Екінші түрі:

Кешкісін қарақұмықты жуып, үстінен 1:2 қатынасымен суық су құйып, жоғарғы температурада қайнату керек (үстін қақпақпен жаппаңыз). Барлық су сіңгеннен кейін үстін жауып, алты минут баяу отта ұстаңыз. Ботқаны газ плитасынан алып, үстін орап қойыңыз. Таңғы асқа жеңіз.

қарақұмық диетасы қарақұмықпен салмақ

Үшінші түрі:

Жуылған дәннің үстінен қайнатылған су құйыңыз да, қайта төгіңіз, кейін қайта ыстық су құйып, орап қойыңыз. Бір стакан дәнге 1,5 стакан су қажет.

Қарақұмық диетасы кезінде қолдануға болатын азық түрлері:

Егер монодиетаны ұстау ауыр тиетін болса, онда ас мәзіріңізге мына өнімдерді қосуыңызға рұқсат етіледі:

Кептірілген жемістер. Дайын ботқаға қара өрік, мейіз және кептірілген өрік қосыңыз. Олардың құрамында витаминдер өте көп, сіздің денсаулығыңызды тонуста ұстап тұрады. Күніне алты үлкен жидектен артық жеуге тиым салынған.

Пияз. Иммунитетіңізді жоғарылатады және қарақұмыққа қосымша тұздық болады.

Бал. Қарақұмыққа бір қасық бал қосыңыз.

Табиғи йогурт. Қарақұмықты дайындарда ыстық судың орнына қантсыз йогурт қолдануға болады. Ол үшін кешкісін жуылған дәннің үстінен үш саусақ өлшемімен йогурт құйып, түнге қалдыру керек.

Өсімдік майы. Ботқаны аз мөлшерде өсімдік майымен дәмдеуге болады.

арқытау жолдары салмақ диета

Қарақұмық диетасы кезінде артық салмақ біресе кетіп, біресе қайтып келеді. Неге?

Қарақұмық диетасын ұстанған кезде дене салмағы ауытқып тұрады. Бұның бірнеше себебі бар: ботқаның дұрыс пісірілмеуі, дәннен басқа түрлі дәмдеуіштердің қосылуы, организмнің ерекшелігі. Егер де бір апта ішінде диета көмектеспесе, одан бастарту керек.

Қарақұмық диетасын қандай жағдайда ұстауға болмайды?

Кез келген монодиета сияқты бұл диета әр адамға жақпайды. Қарақұмық диетасын ұстанардың алдында маманның кеңесіне жүгіну керек. Диета өте пайдалы болғанымен, оның да жанама әсерлері бар: бас айналуы, апатия, күштен айырылу. Әсіресе жүктілік, лактация, гипотания, қаназдығы кезінде бұл диетада отыруға болмайды.

Кейбір адамдарға монодиетаға отырар алдында әбден ойланып, салмақ тастаудың басқа да жолдарын іздестіріп көрі керек. Бұндай адамдардың қатарына мыналар жатады:

  • Иммундық жүйесі әлсіз жандар. Монодиетадан гөрі бұндай жағдайда спорт пен дұрыс тамақтану пайдалырақ.
  • Созылмалы ауруы барлар. Диета ауруды қоздыруы мүмкін, дәрігерден кеңес алыңыз.
  • Бес-ақ киллограм артық салмағы барларға бұндай диета көмектеспейді.
  • Қарақұмық диетасынан дұрыс шығу

Диетаны ұстану уақыты біткеннен кейін қарапайым ас мәзіріне бірден оралуға болмайды. Бірнеше ережені ұстану керек:

  • Бірінші күндері таңғы асқа қайнатылған жұмыртқа мен сәл тәтті шай ішу керек.
  • Қайнатылған немесе бұқтырылған тамақты ғана жеуге болады.
  • Құрамында көмірсу мен майлары бар тағамды асқа біртіндеп кіргізіп, ағзаның оған қандай әрекет беретінін бақылаңыз.
  • Ет пен майсыз балықты аптасына тек екі рет қана жеңіз.
  • Кондитерлік өнімдерді, тәттіні ұмытыңыз. Тек ащы шоколад жеуіңізге ғана болады.
  • Тойып алып ұйықтамаңыз. Қарныңыз қатты ашса, айран ішіп немесе алма жеңіз.
  • Көкөністі көбірек қолданыңыз.
  • Үнемі спортпен айналысыңыз.
  • Әдетте, қарақұмық диетасынан шығу уақыты 10 күннен аспайды. Бұл мерзім арасында витаминдер ішкеніңіз пайдалы болады.

Жеңілдетілген қарақұмық диетасы

Бір күн ішінде қарақұмық ботқасын ғана қолданып, оның пайдасын арттыру үшін айран ішуге болады.

Бір киллограм дәнді дайындап, оны аз мөлшерде күніне 4 рет жеу керек. Ұйқыға жатар алдында бір стакан йогурт немесе су ішу қажет. Бұл тәсіл арқылы 3-4 апта ішінде 5-7 кило артық салмақтан құтылуға болады.

Дәнді дұрыс дайындау керек. Үстіде айтылған тәсіл арқылы кешке қайнатып, таңертен жейсіз. Ешбір монодиетада екі аптадан артық уақыт отыруға болмайды. Нәтижесінде 10 килограмм салмақтан айырыласыз.

Гастрит және жүктілік кезінде бұндай диетада отыруға тиым салынған.

Оставьте комментарий