Ең жалқау адамдар да сымбатты бола алады. Əдемі, артық салмақсыз ішке жету үшін көбісі фитнес залдардан шықпай, орамжапырақ пен прибиотиктерден басқа нəр татпайды. Сөзсіз, бұл пайдалы және дұрыс тəсіл. Бірақ іш кетіру оңай қарапайым жолдары да бар.
Алайда жаттығуға уақыт та, күш те болмаса ше? Онда қарапайым лайфхактарға жүгініңіз. Олар ішіңізден арылуға, оны сымбатты қылуға кішкене болса да, көмектеседі. Əрине, керемет нəтижеге жетуіңіз, артық іштен мүлдем арылуыңыз екіталай.
1. Іш кетіру үшін арқаңызды тік ұстаңыз
Есіңізге түскен кез келген сəтте иығыңызды жазып, ішіңізді тартыңыз. Егер есте сақтау қолыңыздан келмесе немесе жасауға ерінсеңіз, арнайы дене мүсініне арналған корректор сатып алыңыз.
Əдетте біз түзу арқаның пайдасын ұмытамыз. Түзу омыртқа бойыңызды ұзартады, кеудеңізді үлкейтіп, ішіңізді тарттырады. Буындардың есте сақтау қасиеті бар, арқаңызды түзу ұстасаңыз, ол да əдетке кіреді. Осылайша, бір-екі аптадан кейін ішіңіз тартылып, өзіңізге керек қалыпты қабылдай бастайды. Тым болмағанда, сырттай ішіңіздің бар екені білінмейтін болады.
2. Көп су ішіңіз
Иә, бізді де күніне 8 стакан су ішу керектігі туралы әңгімелер жалықтырып жіберді. Алайда бұл қалтқысыз шындық. Денеде су жетіспесе, биологиялық тұрғыда үйретілген ағза су қорын жинақтай бастайды Water retention (medicine), ол міндетті түрде ішке жиналады. Осындай себеппен қол мен аяқтағы ісікті жиі көрсек, прессте ісіну өте сирек болады. Өкінішті. Өйткені, әдетте біздің шығып тұрған ішімізге дәл сол кіналі.
3. Дәретханаға жиі бару
Тегіс ішті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Ағза – өте шынамды құрылыс. Қуығыңызды шыдауға үйретіп алсаңыз, ол сізге шыдамның шегінде ғана дәретханаға бару керектігіңіз жайлы хабар береді. Қалған уақытта қуық қабырғалары кеңейіп, сұйықтықты жинай береді. Нәтижесінде сырттай сіздің ішіңіз домаланып тұрады. Дәретханаға күніне кемінде 5-7 рет баратыныңызға көз жеткізіңіз. Дәрегерлер дәл осы санды норма деп есептейді.
4. Іш кетіру үшін тамақты дұрыстап шайнаңыз
Тісіңізбен тамақты қаншалықты ұсақтаңыз, асқазаныңызда ол соншалықты орын алады. Яғни, толған асқазаныңыздың кесірінен ішіңіз домаланып тұрмайды. Сонымен қатар тамағыңызды ұзақ уақыт шайнасыңыз, миыңыз «тойдым» деп хабарлағанша салыстырмалы тұрғыда аз тамақ жейсіз. Соның ақасында артық калорий жинап, қалай арықтаймын деп бас қатырмайсыз.
5. Мұрынмен тыныс алыңыз
Қызық кеңес, иә? Бірақ тиімді. Ауызбен дем алғанда, ағзаға артық ауа кіріп, ішіміз желденеді. Сол себепті сағызды да көп шайнауға кеңес етілмейді. Тамақ жегеннен кейін тынысыңызды тазартқыңыз келсе, кәмпит немесе спрей қолданыңыз.
6. Гормондарыңызға мұқият болыңыз
Әйелдің эстроген гормонының нормадан ауытқуы висцералды майдың пайда болуына әкеледі. Оның басым бөлігі іште жинақталады. Сондықтан, ерінбей дәрігерге кіріп, ағзадағы эстроген мөлшерін білу үшін анализ тапсырыңыз, керек болып жатса, оны нормадағы көрсеткіштерге жеткізу үшін емделіңіз.
7. Іш кетіру үшін… Жатыңыз
Арқаңызға жатып, аяғыңызды қандай да бір биіктікке (жастық немесе диван бұрышына) көтеріп, беліңіздің астына оралған орамал салыңыз. Ішіңізге мән беріңіз: бұндай қалыпта ол босансын, тартылып қалады. Күніне 20 минутыңызды осындай жалқау гимнастикаға бөлсеңіз, ішіңіздегі буындардың бұндай қалыпқа үйрене бастағанын байқайсыз (буындардың есте сақтау қабілеті бар екендігін ұмытпаймыз).
Айтпақшы, жапонлықтар бұндай жаттығу сымбатты дене мүсінінің және түзу арқаның кепілі деп санайды. Қалай болса да, бұндай жаттығу ешкімге артық болмайды.
қанша уақытта нәтижеге қол жеткізуге болады
Нәтижелер әрбір адамның деңсаулыққа байланысты. Кейбір адамдар екі айдын ішінде арықтап кетеді, басқаларға жарты жылдай керек. Ісіңізге сәттілік тілейміз!