Ас содамен арықтау өзінің оңайлығымен тиімді. Ешқандай диктаның да, жаттығулардың да қажеті жоқ. Бұл мақаладан ас содасын қалай денсаулыққа зиянсыз жəне дұрыс пайдалану керектігін білесіз.
Ас содасының (натрий сульфаты) — нан пісіргенде қамырды жұмсартататын, үй шаруасында кірленген затты тазартатын, денсаулықты сақтауға көмектесетін пайдалы өнім. Соданың көмегімен бет пен теріге арналған скра, терлеуге қарсы дезодарант, зең аруымен күресетін, маса шағуынан жəне қыжылдан дəрі жасайды.
Арықтағанда тәжірибеде сода да көмектеседі, себебі оның көмегі мол. Бастысы, содадан зардап шекпес үшін оны қалай дұрыс қолданатынын түсініп алыңыз. Тағы да, кальций қосылған сода емес қарапайым ас содасы туралы айтып жатқанымызды есіңізге саламыз.
Ас соданың пайдалы қасиеттері
Гидрокорбанат натрий майды ыдыратып, ағзадан токсиндерді шығарып, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстай алады. Сода ағзадағы айналу процесстерін қолдап, су мөлшерін сақтап тұрады. Тіндердегі ауа қажеттелігінің орнын толтырады. Майдың сіңірілуінің алдын ала, терідегі целлюлиттің пайда болуына жол бермейді.
Ас соданың көмегімен қалай арықтайды?
Соданы сыртқы əдіспен қолдануға үй жағдайында жасалған ванналарды, скрабтарды жатқызамыз. Артық салмақпен күресуде сода қосылған ванналар кең таралған, себебі оның майды ыдырататын қасиеті бар.
Бұндай ванналар адамды терлетеді, тері бездерін ашады жəне ағзадағы токсиндерді, май қалдықтарын, шлактарды, артық суды шығарады. Тыныштандыратын, демалдындыратын қасиетке де ие. Ваннаға түсіп шыққаннан соң артық салмақтан арылып қана қоймайсыз, сонымен бірге дененіңзді жұмсартып, сергіп қаласыз.
Ас содамен арықтауға қарсы көрсетім
Ас содасы ағза үшін пайдалы. Алайда оны шамадан тыс қолдану, ережелерді қолданбау сіздің организміңізге зиян етеді.Сода агрессивті қоспа болғандықтан, оны қолданудың өзіндік қарсы көрсетілімдері бар:
- Жүктілік және лактаәиялық кезең;
- Денедегі ашық жарақаттар және дермотологиялық аурулар;
- Гинекологиялық аурулар;
- Көтеріңкі артериялық қысым, тамырлардың варикозды кеңеюі;
- Ісіктер, қатерлі обалар, терідегі іріңді жаралар;
- Жеке бастың гидракорбанат натрийіне төзімсіздіг;
- Қандағы және жалпы ағзадағы қышқылдың жетіспеушілігігі. Нормада РН 7,47 көрсеткішінен аспауы қажет. Қышқылдың мөлшері талдама тапсырғанда белгілі болады.
Ас содасын таза күйінде ішіп жүрмеңіз!!! Ас содасының ерітіндісін ғана қолдануға болады. Жақсы нәтижеге жету үшін ерітіндіні тамақтанудан бір сағат бұрын немесе тамақтан кейін екі сағаттан соң ішіңіз. Бастысы, асқазаныңыз ол уақытта тамақты қорытып жатпауы керек.
Ас содасын іше бастау үшін, алдымен оның мөлшері пышақтың ұшындай ғана болуы керек. Сосын оның мөлшерін біртіндеп ұлғайта бастайсыз. Профилактика үшін аптасына бір рет кішкентай қасықтың жартысындай ғана соданы бір стакан суда ерітіп ішіңіз. Ал емдік түрде қолдану үшін бір шай қасық соданы суда ерітесіз. Жиілігін және әдісін дәрігер өзі таңдайды.
№1 тәсіл
Ас содасын жай ғана ауызға салып, сумен жұтуға болады. Бүндай әдіс бәріне бірдей жақпайды. Егер де жұта алмасаңыз, екінші тәсілді байқап көріңіз.
№2 тәсіл
Ас содасын қайнатылған суда ерітесіз. Су ыстық болуы керек, бірақ қайнақ емес. Сізге қажет температура — 50 градустан 90 градусқа дейін. Дұрыс температура таңдағаныңыздың бір белгісі – сода салғанда су быжылдай бастайды. Бұл процесстің үстінде көмірқышқыл ғазы бөлінеді, ол соданың дұрыс сіңірілуіне көмектеседі. Судың суығанын күтіп, оны кішкентай жұтыммен ішуге болады.
Соданы суық суда ерітпеген жөн. Ерітінді қанға ішекте сіңіріле бастайды, оған дейін су қышқылдық орта аз асқазанда болады. Яғни, ерітіндінің жартысы тұз қышқылымен байланысқа түсіп, жойылып кетеді. Ішекке пайдасыз тазартқыш сусын ғана жетеді.
Арықтауға арналған рецептілер
Назарыңызға бірнеше рецепт ұсынамыз.
Аш қарынға ас содамен суды ішу
№1 әдіс
Ингредиенттер: 250 мл су, 0,5 кішкентай қасық сода
7-14 күн қолдану. 14 күн үзіліс жасағаннан кейін курс жалғастырылады. Компонентерді күніне неше рет тамақтансаңыз, сонша бөлікке бөлесіз және араластырасыз. Тамаққа дейін бір сағат бұры кішкентай мөлшерлермен ішесіз.
№2 әдіс
Ингредиенттері: 1/2 к. қ. сода; 50 мл ыстық су; 450 мл жылы су.
Соданы ыстық суда ерітіп, оған барлық жылы суды қосасыз да таңертең аш қарынға бірден түгел порциясын ішесіз. Аптасына екі рет қолданасыз. Бұл курстың белгілі бір стандарттары жоқ, сондықтан ағзаңызға қажет болғанға дейін іше беруіңізге болады.
Ас содамен лимонның арықтауға көмегі
Лимонмен арықтау қалай болады? Лимон шырын өт қабының жұмысын тездетеді, айналым процестерін ынталандырады, жасушалардың тотығуынан кейін ағзадағы токсиндердің қалдықтарын шаяды. Оның құрамында лимонен көмірқышқыл газы бар, ол лимофтокты ынталандырады және ас қорытуды жақсартады. Әрине, лимонның С витаминіне бай екендігін де ұмытуға болмайды.
Ингредиенттер: 250 мл су, 1/2 лимон шырыны, 1/2 шай қасық ас содасы.
14 күн қолданғаннан кейін 14 күн үзіліс жасайсыз. Лимон шырынын сығып, оған кішкене сода мен су қосасыз. Быжылдың басылғанынан кейін қалған сода мен су қалдығын қосасыз. Күніне бір реттен артық қолдануға болмайды. Курсы шектеусіз. Спортпен айналысқаннан кейін немесе тамақтанар алдында жарты сағат бұрын ішесіз. Бұл рецепт тек қана арықтауға ғана арналмаған, денсаулықты күшейтуге, иммунитетті жоғарылатуға да пайдалы.
Ас содамен сүт. Арықтау
Сүттің құрамында пайдалы элеменнтер өте көп: калий, фосфор, кальций, А витамині. Сүт соданың агрессиялығын басады.
Ингредиенттер: 200 мл сүт, 1 ш. қ. сода.
Сүтті 80-90 градусқа дейін қыздырып, оған кішігір сода қосасыз да араластырасыз. Тамақтанғаннан соң 2 сағаттан кейін кішкентай жұтыммен ішесіз. 14 күн қолданғаннан кейін 14 күн үзіліс жасайсыз.
Айранға қосылған сода
№1 әдіс
Ингредиенттер: 1% майлылығы бар 200 мл айранға 1/2 шай қасық сода, 1/4 кішкентай қасық корица, 1/2 шай қасық имбирь қосамыз. Аскөк, күнзе, балдыркөк қоссаңыз да болады.
Бәрін араластырып болғаннан соң бірден ішу керек. Аз мөлшермен ішіңіз. Айраннан дасалған коктейльді күн сайын кешкі астың орнына ұйқыға жатар алдында 2 сағат бұрын ішуге де болады.
№2 рецепт
Ингредиенттер: 200 мл майсыз айран, 1 ш. қ. бал, 1 к. қ. зімбір, шымшым даршым, лимон тіліндісі немесе 1/4 ш. қ. Кайен бұрышы, сода шөкімі.
Барлық қоспаларды араластырып, лимон тіліндісін қабығымен бірге тураңыз. Күніне екі рет ішіңіз: таңғы астың алдында жарты сағат бұрын және кешкі астың орнына (соңғы ас қабылдауынан кейін кемінде екі сағаттан кейін), ұйқыға жатпастан 1,5-2 сағат бұрын.
Зімбірге қосылған сода
Зімбір ас қорытуға көмектеседі, зат айналымын тездетеді, токсиндерді шығарады, қан айналымын ынталандырады. Зімбір сусынын тамақ алдында жарты сағат бұрын ішу керек.
Ингредиенттер: 1 ш. қ. зімбір, 1 лимон тіліндісі, 1 к. қ. бал, 1/2 ш. қ. сода.
Зімбір тамырын самандап тураңыз да, оның үстінен ыстық су құйып, 5 минут тұңдырыңыз. Қалған компоненттерді қосқаннан кейін іше беруіңізге болады. 14 күн ішкеннен кейін 14 күндік үзіліс жасаңыз.
Арықтататын сода қосылған ванна
Сода ерітіндісі қосылған комплекстік ванна қабылдағанда ағзадан токсиндер, радионуклидтер шығарылады. Дәл осы заттар жасушаларды бітеп, ағзада майдың жиналауына септігін көрсетеді. Организм тазарғаннан кейін зат айналымы, лимфо жүйе тез жұмыс істей бастайды. Қаласаңыз хош иісті майлар, мысалға цитрусті майлар қосуыңызға болады. Олар май алмасуын реттейді. Оның үстіне хош иісті суда шомылған да рахат емес пе?!
Сода қосылған кез келген ваннаны күніне бар ақ рет қабылдауға болады. Екі апта бойы ұйқыға жатар алдында осылай шомылғаннан кейін бір ай демалыңыз. Сода қосылған ваннаның қарсы көрсетілімідерінің оны ішкендегіден еш айырмасы жоқ. Судың температурасы 38 градустан жоғары болмауы керек, ең дұрыс температура – 36-37 градус. Егер де бойыңызда әлсіздік сезінсеңіз немесе кардиожаттығулар жасасаңыз, температураны 30-36 градусқа дейін төмендетуіңізге болады. Шомылғаннан кейін жылы киініп, жақсылап көрпеге оранып, тынығып алыңыз.
Ас содамен тұз
Бұл компоненттердің қосындысы арықтауға ғана көмектесіп қоймайды, целлюлитпен де күреседі. Теріңіз таза, шымыр бола түседі.
Ингредиенттер: су, 125 гр. ас содасы, 150 гр. теңіз тұзы. 5-7 тамшы лаванда майын қосқыңыз келсе, өзіңіз білесіз.
38 градустық жылы суда осы компоненттерді ерітіп, толтырылған ваннаға құясыз. Суда 20-30 минут бойы отырыңыз.
Сода және зімбір
Ингредиенттер: 500 гр. ас содасы, 5 тамшы зімбір майы.
Соданы жылы суда ерітіп, ваннаға құйыңыз. Зімбір майын қосыңыз. Соңғы ас қабылдауынан кейін 2 сағаттан соң ұйқыға жатар алдында осындай ваннада 10 минуттан 20 минутқа дейін шомылыңыз. Спортпен айналысқаннан кейін суға түссеңіз тіптен жақсы.
Целлюлитке қарсы скраб
Әр 2 күн сайын скрабты қолданғаннан кейін сода қосылған ваннаға түскеніңіз абзал.
Бірінші рецепт бойынша, 1: 2 үлкен қасық содасын, 50 мл суды, 3 ү. қ. сұлы ұнын араластырып, теріңізде целлюлит бар жерлерге жағып, оны 10 минут уқалаңыз.
Екінші рецепт бойынша 50 мл шомылуға арналған гельді, 1 үлк.қ. соданы, 2 үлк.қ. балды араластырып, үстіндегі әдіс бойынша қолданыңыз.
3 күн ішінде ас содамен қалай арықтауға болады
Сода арқылы арықтау – жүйелі комплекс. Сода қосылған сусынды жүйелі түрде ішу керек, әр күрс 14 күннен тұрады. Сода қосылған ваннаға бір рет түскеннің өзінде 200гр артық салмақ тастасаңыз, бір курстың ішінде бұл көрсеткіш 2-2,5 килограмға дейін жетеді. Комплекске сай қуырылған, тәтті, тұзды, ұннан жасалған тамақтардан бас тартып, ішімдік ішпеңіз. Әрине, спортпен айналысуды да ұмытпағаныңыз жөн.
Сода ағзадан токсиндерді шығарғанымен, сіздің еңібегіңізсіз килограмдар өздігімен кетпейді. Үш күннің ішінде ондаған килограм артық салмақ тастай алмасаңыз да, бұл арықтауға жасаған алғашқы нық қадамыңыз болары хақ.
Өте жақсы кеңестер айтылған👍👌👌
Варикозым бар еді сонда маған болмайма бұл поцедура
Бала емызетындерге болама
Керемет