Лимонмен арықтау. Лимон арқылы арықтауға болады ма?

Лимонмен арықтау үшін өте тиімді тәсілдердің бірі, ал лимон қышқылы ас қорытуға пайдалы. Ол ағзадағы ферменттермен және өзге қышқылдармен байланысқа түсіп, ас қорытуды, әрі асқазан сөлінің бөлінуін жылдамдатады. Лимон цедрасының құрамындағы пектин ішек қабырғасын қаптайды. Бұдан басқа лимонмен арықтау көмектесетін тағы бір қасиеті бар. Ол қарын ашуды бәсеңдетеді. С дәруменіне бай лимон қышқылы иммунитетті жақсартып, ас қорытуға көмектеседі. Сонымен қоса лимон құрамында А, В, Р дәрумендері, калий, мырыш, бор пен мыс бар.

лимонмен арыктау лимон аркылы арыктау

Егер сіз лимон жегенді ұнатпасаңыз, онда лимон диетасын байқап көріңіз. Бұл диетаны сынағандардың басым бөлігі оң пікірлерін білдіріп жатады. Алайда, лимон арықтауға тиімді болғанымен, оның да қарсы көрсетімдері бар екенін ұмытпау керек. Оны тістері сезімтал, асқазанның қышқылдық деңгейі жоғары, асқазан-ішек ауруларымен ауыратын жандардың арықтау үшін қолдануына кеңес етілмейді.

Су және лимонмен арықтау

Лимонды су асқазандағы қышқылдық деңгейін көтереді, нәтижесінде ағзадағы кальций тез сіңіріледі. Кальций өз кезегінде арықтауға көмектеседі. Ол артық майды кетіріп, денеге қуат сыйлайды. Дәл осы себептен артық салмақтан арылғысы келетін жандар кальцийді жеткілікті мөлшерде тұтынуға тиіс. Алайда кальций глюканат тәрізді дәрілерді жеудің орнына құрамында протеин бар тамақтарды жеген дұрыс. Лимонды су кальцийдың сіңірілуін жылдамдатады, яғни тез лимонмен арықтауға көмектеседі.

лимонмен арықтау диента арыктау

Зерттеушілердің сөздеріне сүйенсек, денедегі артық салмақ тамақтың дұрыс қорытылмауынан пайда болады. Диеталардың көбі асқазан-ішек ауруларын емдемейді, ал лимонды су асқорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, ағзаны зиянды заттардан тазартады. Сонымен қоса, лимонды диетаның тағы бір жақсы тұсы: өзіңді тәтті жеуден шектеудің қажеті жоқ. Диетологтар лимонды судан басқа аз мәзіріне лимонның мәйегі мен шырынын қосуға кеңес береді. Осы диетаны ұстанып аз арада тамаша жетістікке жетуге болады.

Лимонның көмегімен арықтау. Лимонды суды қалай ішу керек?

Лимон қосылған суды ішуді таңертең бастау керек.

Салмағы 70 килограмм шамасындағы адам үшін: лимон жартысының шырыны + 1 стакан су.

Салмағы 80 килограммнан жоғарылар: тұтас лимон шырыны + 1 стакан су (суды өз талғамыңызға сай көбейтсеңіз, не азайтсаңыз болады).

Шырынға бір қасық бал қосуға болады. Нәтижесін көру үшін лимонды сусынды жиі ішіп тұру керек. Бұл сіздің келбетіңіз үшін ең арзан, әрі ең тиімді мүмкіндіктердің бірі.

Лимонмен арықтау. Қарқынды түрде салмақ тастау

Лимонмен арықтау тағы бір жолы бар. Диетаның бірінші күні бір стакан суда бір лимон шырынымен араластырып ішу керек, келесі күні екі лимон шырынын екі стакан суда араластырасыз, осы ретпен күн өткен сайын лимон шырыны мен су мөлшерін арттыра түсесіз. Сегізінші күн – үзіліс. Бұл күні 3 литр су + 3 лимон шырыны + 3 үлкен қасық бал қосылған сусын дайындап ішу керек. Тоғызыншы күннен бастап лимонды диетаны кері ұстанасыз. Бұл күні жеті лимон шырынын жеті стакан сумен араластырып ішесіз, келесі күні алты лимон мен алты стакан су, содан соң бес лимон мен бес стакан су және дәл осы ретпен кете бересіз. Бір аптадан кейін диета тәмамдалады. Жалпы диетаны 16 күн ұстанасыз. Лимонды судан басқа лимон тілімдерін тағаммен бірге жеуге кеңес етіледі.

лимон аркылы арыктау

Диетаны ұстанған екі апта бойы тамақтан шектеу жоқ: не жегіңіз келсе де – ерік өзіңізде. Алайда, бірнеше қағида есіңізде болсын. Әуелі, лимонды суды үнемі таңертең ішу керек. Лимон қышқылы асқорытуға көмектесіп, ағзаны тазартады. Күніне кем дегенде 6 стакан жай су ішу керек. Бірнеше рөмке қызыл шарап ішуге рұқсат, бірақ шай мен кофе, газды су мен табиғи шырыннан алшақ болыңыз.

Жеміс-жидек пен көкөністі кем дегенде бес рет жеу керек. Олардың құрамында калория аз да, дәрумендер мен қоректік заттар көп. Иммунитетті күшейтеді, гормоналды жүйенің теңгерімін сақтайды, жүйке жүйесін тыныштандырады, ағзадан май мен зиянды заттарды шығарады.

Лимон мен қант арқылы арықтау

Қанның құрамында глюкозаның жетіспеуінен адам ашушан келеді, басы жиі ауырады, қалжырайды, өзін жайсыз сезінеді. Сондықтан, қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстау керек, алайда оның қанда шамадан тыс болуы артық салмаққа әкеледі. Егер дайын тамақ үстінен лимон шырынын сепсе, ол ағзаға түсетін қант мөлшерін шамамен 30% азайтады. Диетологтар цедраны сорпа мен салаттарға, ал шырынын балық пен тауыққа қосуға кеңес береді. Протеин қант мөлшерін қалыпта ұстауға көмектеседі, ағзаға май мен көмірсулардың түсуін тежейді.

лимон арқылы арықтау диета

Мамандар арықтағысы келетін адамдарға күріштің, ақ нанның, жүгері қауызының, картоптың құрамында қант мөлшері жоғары екенін ескертеді. Жеміс құрамындағы қантты да шамадан тыс көп жеуге болмайды. Сондықтан жеміс-жидекті жаңғақпен немесе дәндермен жеген абзал. Артық салмақтан арылу үшін тәттілендірушілерді де қолданбау керек.

Лимонның көмегімен арықтау. Эфир майы

Лимонды эфир майы арзан тұрып қана қоймайды, ол өте пайдалы. Оны тұмауды емдегенде, жүйке жүйесін тыныштандырғанда, арықтағанда, целлюлитті кетіргенде, варикозбен күрескенде қолданады. Лимон майы керемет қасиетке ие. Әсіресе ол лимонды жей алмайтын адамдарға пайдалы. Себебі оны массажға, ваннаға қолданып арықтауға болады.

Оставить комментарий

500
  Подписаться  
Уведомление о