арықтау апта арыктау кун

Бөксені шығаруға үй жағдайында қалай болады?

Еркек атаулының бәріне тартымды жамбас ұнайды. Алайда жамбасты шығаруға қыз бала көп күш жұмсайды. Жеген тамағыңызды қадағалап, физикалық жаттығуларды тұрақты жасап, әрине, теріге арналған арнайы косметиқалық өнімдерді де қолдану керек.

Мазмұны

1. Жамбасты шығару үшін қалай тамақтану керек?
2. Бөксені ұлғайтуға арналған косметикалық құралдар
2. Бөксеге арналған тиімді жаттығулар

загрузка...

Жамбасты шығару үшін қалай тамақтану керек?

Құйрығыңызды отаның көмегімен жасағыңыз келмесе, онда қайта ас мәзіңірізге оралу керектігін ескеріңіз. Жамбасыңызды үлкейту үшін жақсы тамақтану керек. Асыңыздың құндылығын 200-400 ккалға дейін жоғарылатыңыз. Бірақ, бұл қолыңызға түскеннің бәрін ауызға апару керек деген сөз емес. Әйтепесе құйрығыңызбен бірге артық ішіңіз де пайда болады. Соған жете алмай жүрсіз бе?

Жамбасты шығаруға үшін ас мәзіріңізге ақуызды тамақтарды молынан қосыңыз. Олар құйрыққа көлем беріп, тырыссаңыз беліңізді де кішірейтеді.

бөксені қалай шығаруға болады

Рационыңызда келесі өнімдер болуы керек:

  • майлылығы 1,5% аспайтын сүт және қышқыл сүт өнімдері;
  • балық, мүмкіндігінше теңіз өнімдері;
  • ет, тек майсыз (тауық еті, түйетауық еті, сиыр еті, қоян еті және т. б.);
  • жаңғақтар (оларды аз көлемде ғана жеуге рұқсат етіледі);
  • көкөністер (картоптан басқа);
  • жемістер;
  • балғын жеміс-жидек және көкөніс шырындары.

Келесі өнімдерден мәңгілікке бас тартуға тура келеді:

  • нан, әсіресе ақ нан;
  • тоқаш, бәліштер және басқа да ұннан жасалған тағамдар;
  • тәттілер (оның ішінде, тек ащы шоколадты ғана өте аз мөлшерде жеуге рұқсат);
  • майлы сортты ет және балық;
  • консервілер;
  • ысталған тамақ;
  • тұздалған өнімдер;
  • шұжық өнімдерінің барлық түрлері:
  • газдалған және алкогольді ішімдіктер.

Осы азық-түліктердің барлығы да — тез сіңірілетін көмірсулар және холестериндер. Организмге түскеннен кейін бірден майға айналады. Олар тек қана іш пен бүйірде емес, жамбаста целлюлит түрінде де жиналады. Ал оның пайда болуы сыртқы түрге жақсы әсер етпейді. Біздің мақсатымыз мүлдем басқа емес пе? Сондықтан өз рационыңыға ерекше көңіл бөліңіз және қазірден бастап үйіңізде тұрған барлық тыйым салынған өнімдерден бас тартыңыз.

Бөксені ұлғайтуға арналған косметикалық құралдар

Бөксені шығарғыңыз келсе жамбасқа көлем беретін косметикалық құралдарға тоқталыңыз. Ал олар бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде өте көп. Түрлі кремдер, спрейлер, гельдер –қалағаныңызды таңдаңыз. Олар негізінен бірдей жұмыс істейді, себебі құрамында қызу беретін және ынталандыратын шөптер бар.

Оларды қолдану кезінде қан айналымы жақсы жүреді, нәтижесінде тері жасушалары өздеріне қажет қоректік заттарды сіңіріп, қалпына келеді және нәрлендіріледі. Сонымен қатар тері тартылады.

көтенді шығару

Осы кремдердің барлығы да ағзаның өсуіне әсер ететін синтез гармонына ие. Дәл осы себепті бөксеге көлем беріледі. Бірақ бұл ретте айта кету керек, егер бұл кремдерді дұрыс қолдана отырып, тиесілі тамақтанбасаңыз және физикалық жүктемелерді орындамасаңыз, оның әсері аса көрінбейді және нәтиже болса да – ұзақ сақталмайды. Алайда қалай болғанда да оларды қолданған дұрыс. 2-3 аптадан кейін сіз алғашқы нәтижеге қол жеткізесіз.

Бөксеге арналған тиімді жаттығулар

Бөксені үлкейту үшін физикалық жаттығуларға басты назар аудару керек. Қалай десек те, бұл нақты жұмыс істейтін жалғыз әдіс. Егер де спортпен айналысқыңыз келмесе, үй жағдайында жамбасты шығаруға болмайды. Спортсыз мақсатыңызға тек қана пластикалық ота жасатып қана жетесіз. Егер операция туралы бір ғана ойдан қалтырасаңыз, онда тыңғылықты жұмыс істеуге тырысыңыз. Есіңізде болсын, арманға жетер жол — қиын. Алдымен сізге өте қиын жаттығуларды орындауы керек, өйткені бұлшықеттер қатты ауыратын болады. Оны орындамау үшін сіз жүз түрлі амал табасыз, бірақ жігеріңізді жинаңыз. Істеуге болмайтын, адам қолынан келмейтін ештеңе жоқ.

Келесі жаттығуларды орындаңыз:

1. Тіреу. Бұл жаттығу тек қана бөксені шығаруға ғана емес, барлық бұлшықет топтарын нығайтуға көмектеседі. Ол үшін отжимание жасайтындай қалыпқа тұрып, осы тұрғыда 1-2 минут тұрыңыз. Жамбасыңыз, бұлшықеттер салмақ сезінуі керек. Тіреуді дұрыс жасау керек. Сіздің аяқ, бөксе, арқа және басыңыз тік түзу жасауы керек. Ал қолыңыз иық деңгейінде орналасуы тиіс. Сіз 1-2 минуттан бастаңыз, оған үйренгеннен кейін уақытты бірте-бірте ұлғайтыңыз.

көтті қалай өсіреді

2. Приседания. Әрине, тартылған жамбас туралы айтқанда приседания туралы қалайша ұмытамыз? Бұл жаттығу ең тиімділердің бірі болып табылады. Жылдам нәтижеге жету үшін міндетті түрде ауыр заттармен отыруға керек. Салмағы 2 кг артық емес штанга, гантель немесе суға толтырылған пластикалық бөтелкелерді қолдануға болады. Бұл ретте приседаниядың да арнайы техникасы бар екенін ұмытпаңыз. Табанды екі жаққа қаратып аяқты кеңінен қойыңыз. Бірақ, отырғанда тізе аяқтың шегінен шықпауы керек. Жамбасты артқа тартып, ал арқаны аздап алға еңкейтіңіз. Арқаңызды міндетті түрде тік ұстаңыз. Жамбасыңызды орындыққа отырғандай түсіре бастаңыз. Төменгі нүктеде бір-екі секунд тоқталып, содан кейін бастапқы жағдайға баяу оралыңыз. Кем дегенде 15 рет қайталау керек.

3. Еденде жүру. Бұл жаттығу да жақсы нәтиже береді. Оны орындау үшін еденге отырып аяқты тік созасыз да қолды тізеге қоясыз. Осыдан кейін бөлмеде алға/артқа бөксе көмегімен қозғала бастаңыз. Өзіңізге аяқпен немесе қолмен көмектесуге болмайды, әйтпесе жаттығу тиімсіз болады.

4. Аяқ сермеу. Бұл жаттығу да бөксе шығаруға көмектеседі. Ол қарапайым орындалады, әсерлі нәтиже береді. Тізерлеп тұрыңыз да, екі аяқты кезекпен жоғары көтеріп, содан кейін төмен түсіре бастаңыз. Барлығын кем дегенде 15-20 қайталап істеу керек.

Енді жамбасты қалай шынықтыратыныңызды білесіз. Біздің кеңестеріміз сізге көмектесуі керек. Барлығын дұрыс орындасаңыз, алғашқы нәтижені 2-3 айдың ішінде көресіз.

Оставьте комментарий